«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Науқастар саны азайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 29 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 41 адам жұқтырды. Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 90 пайызында ауру белгілері бар. Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Шал ақын, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Мамлют аудандарында бір науқастан анықталса, Айыртау, Есіл, Қызылжар аудандарында да жаңа жағдайлар тіркелді. Қауіпті инфекция жұқтырғандар саны облыс орталығында басым болып отыр.

Жалпы облыс бойынша бүгінге дейін КВИ-ға – 561128 зерттеу жүргізілген. Ал соңғы аптада ПТР әдісімен 449 адам сынама тапсырды. Бүгінде облыс тұрғындары вакциналау науқанына белсенді қатысуда. Өңірде 6 мыңнан астам адам “Pfizer” вакцинасын алды. Соның ішінде 4901 бала мен 1256 сәбилі ана бар. Қалғаны жүкті әйелдер. Ал 31001 адам ревакцинациядан өтті.

Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp