«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық перинаталдық орталық жаңа флюорографиялық қондырғымен толықты. Заманауи құрылғының көмегімен ақ халатты абзал жандардың жұмысы жеңілдей түспек.

Перзентхананың бас дәрігері Елена Калюжнаяның айтуынша, бұрындары ескі флюорографиялық аппарат қолдануға ыңғайсыз болған. Жүкті қыз-келіншектерді тексеруге медициналық персоналдың бірнеше қызметкері жұмылдырылатын. Ал жаңа қондырғы толықтай автоматтандырылған.

Орталыққа жеткізілген жаңа қондырғының аты –«Fish» зертханасы. Заманауи аппараттардың көмегімен құрсақтағы сәбидің дамуында патологияның бар-жоғын дәл анықтауға болады. Бала күтіп жүрген аналар алдымен ультрадыбыстық зерттеу мен биохимиялық скринингтен өтеді. Егер талдау нәтижелерінде құрсақтағы сәбиден ауытқулар білінсе, қыз-келіншектер міндетті түрде зертханалық диагностикаға жіберіледі.

– Ұрықтың хромосомалық патологиясын анықтау үшін жүктіліктің 16 мен 18-ші аптасында жатырдан амниотикалық сұйықтық алынады. Қорытынды шамамен 3 күн ішінде дайын болады. Егер анализ нәтижесі көңіл қуантпаса, яғни белгілі бір ауытқушылықтар байқалса, жүктілікті тоқтатуға кеңес беріледі. Жалпы соңғы 5 ай ішінде 30-ға жуық нәзікжанды диагностикадан өтті. Өкінішке қарай, жетеуінде хромосомдық ауытқудың бары анықталды. Қазір олар ем-домқабылдауда, – дейді облыстық перинаталдық орталықтың директоры Елена Калюжная.

Гүлнәр Қалиева,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp