«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде былтыр 10 мың адам зейнетақы жинағын алып, баспаналы болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр зейнетақы қорындағы қолжетімді соманы алуға 15 925 адам өтініш берген, оның 14 637 мыңы тұрғын үй жағдайын жақсартпақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қорының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, былтыр зейнетақы қорындағы шекті сомадан асқанын мақсатты пайдалану үшін өңірде 16 мыңға жуық адам өтініш берген.

Басым бөлігі – тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты. Алайда, 14 637 өтініштің тек 10 675-і бойынша ғана оң шешім шығарылып, 18 млрд 253 млн теңге арнайы есепшотқа аударылған.

Зейнетақы жинағындағы қолжетімді соманы емделуге жұмсау үшін 1 193 өтініш түсіп, оның 270-і кері қайтарылған.

Нәтижесінде 1 359 адам 1 млрд 045 млн теңгеге денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алды.

Зейнетақы қорындағы алуға болатын соманы 95 адам қаржылық компанияларға инвестициялық басқаруға өтініш берген.

Оның 64-і бойынша оң шешім қабылданды. Сенімгерлік басқаруға берілген соманың жалпы мөлшері – 38 млн теңге.

Биыл жыл басталғалы мүмкіндікті пайдаланып, зейнетақы қорындағы қолжетімді ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға 303 адам өтініш берген. 88 салымшының өтініші қайтарылса, 105 адамның 86 млн теңгесі арнайы есепшотқа аударылған.

Облыс тұрғындарының арасында қолжетімді қаражатты емделуге жұмсауға ниет еткендер қатары артқан.

Қаңтар айының 16 күні ішінде 514 адам өтініш берген, 21-інің өтініші қанағаттандырылмаса, 27 адам 25 млн теңгені пайдаланып үлгерді.

Мамандардың айтуынша, уәкілетті оператордың арнайы есепшотына қаражат түскеннен кейін оның мақсатты қолданылғанын 20 жұмыс күні ішінде тиісті құжаттармен дәлелдеу қажет.

Өйтпеген жағдайда ақша жинақтаушы қорына қайтарылады.

Осы уақытқа дейін СҚО-да 1600 өтініш бойынша 2 млрд теңгеден астам сомма кейін қайтарылған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp