Салық төлеушілер үшін 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап “Виртуалды қойма” модулінің тауарлар тізбесі кеңейтіледі. Ондағы мақсат көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын күшейту болып табылады.
Тізімге тас, күкірт, сылау материалдары, әктас, цемент, бетон, гипстен жасалған бұйымдар және құрылыста пайдаланылатын басқа да заттар еніп отыр. Қазіргі уақытта акцизделетін өнімдер, таңбаланған тауарлар, оның ішінде виртуалды қоймадағы заттар бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі қанатқақты жоба іске қосылды. Осы ретте “Виртуалды қойма” модулін пайдаланып, электрондық шот-фактураларды қолданатын салық төлеушілер 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды бірыңғай жүйеге енгізуге міндетті болады.
Салық төлеушілердің құрылыс материалдары тауарларына ілеспе жүкқұжаттарын қолдануға сапалы әрі жылдам көшуін қамтамасыз ету үшін 1 ақпаннан бастап тауарларға ілеспе жұкқұжаттарды ресімдеу бойынша қанатқақты жоба жұмыс істей бастады.
Осылайша салық төлеушілер тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге машықтанып, сұрақтар туындаған кезде қолданыстағы телеграмм-чатқа жүгініп, департамент мамандарынан кеңес ала алады. Бұл ретте қанатқақты жобаны жүзеге асыру аясында салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолданылмайды.
Наталья НЕКРАСОВА,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы.