«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Салық төлеушілер үшін 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап “Виртуалды қойма” модулінің тауарлар тізбесі кеңейтіледі. Он­дағы мақсат көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын күшейту болып табылады.

Тізімге тас, күкірт, сылау мате­риалдары, әктас, цемент, бетон, гипстен жасалған бұйымдар және құрылыста пайдаланылатын басқа да заттар еніп отыр. Қазіргі уақытта акцизделетін өнімдер, таңбаланған тауарлар, оның ішінде виртуалды қоймадағы заттар бойынша тауар­ларға ілеспе жүкқұжаттарды ресім­деу жөніндегі қанатқақты жоба іске қосылды. Осы ретте “Виртуалды қойма” модулін пайдаланып, элект­рондық шот-фактураларды қолда­на­тын салық төлеушілер 2022 жыл­дың 1 қарашасынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды бірыңғай жүйеге енгізуге міндетті бо­лады.

Салық төлеушілердің құрылыс материалдары тауарларына ілеспе жүкқұжаттарын қолдануға сапалы әрі жылдам көшуін қамтамасыз ету үшін 1 ақпаннан бастап тауарларға ілеспе жұкқұжаттарды ресімдеу бойынша қанатқақты жоба жұмыс істей бастады.

Осылайша салық төлеушілер тауарларға ілеспе жүк­құжаттарды ресімдеуге машықта­нып, сұрақтар туындаған кезде қолданыстағы те­леграмм-чатқа жүгі­ніп, департа­мент мамандарынан ке­ңес ала ала­ды. Бұл ретте қанатқақты жобаны жү­зе­ге асыру аясында са­лық төлеуші­лерге әкімшілік шара­лар қолданыл­майды.

Наталья НЕКРАСОВА,

облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp