«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық парк – ерекше назарда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Екі мыңнан астам көлі, 700 мың гектарға жуық орманды алқабы бар өңірде экотуризмді дамытуға мүмкіндік зор. Оның ішінде Шалқар-Имантау курортты аймағының әлеуеті жоғары. Табиғаты көркем бұл жер 2018 жылы республикалық маңызға ие он үздік жоба қатарына енгізілген.

Қазақстан Республикасының турис­тік саласын дамытудың 2019-2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдар­ламасы шеңберінде инженерлік және автокөлік инфрақұрылымдарын салу, абаттандыру, маркетинг, жарнама­ларды толықтыру жұмыстарын одан әрі кешенді түрде жалғастыру жос­парланған болатын. Жаңғырту тұжы­рымдамасына “Көкшетау” ұлттық паркі де еніп отыр. Өйткені ұлттық паркке қа­тысты шешімін табуы тиіс мәселелер баршылық. Әлеуеті зор, тынығуға қо­лайлы саналатын Шалқар көлінің бойын­дағы автомобиль жолдарының са­пасы сын көтермейді, оның жалпы ұзындығы 17,5 шақырымды қамтиды. Демалыс нысандарының бәріне бірден электр желісі тартылмаған. Жылдам­дығы жоғары интернет пен ұялы бай­ланыс та барлық жерде ұстай бер­мейді.

“Көкшетау” ұлттық паркінің бас ди­ректоры Ербол Сағдиевтің сөзінше, паркті дамыту тұжырымдамасы жасал­ған, биыл жолдарды жобалауға, электр желісін тарту және курортты абаттан­дыруға кіріспек. Тұжырымдамаға сәй­кес кемпингтер, глэмпингтер, эко-қо­нақ­үйлер, визит-орталықтар, қарау алаң­дары, автокеруендерге арналған тұрақтар, этно ауылдар, сондай-ақ ту­ристік соқпақтар мен маршруттарды та­нымастай өзгерту мақсатымен инвесторлар тартылмақ.

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Айыртау ауданы. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp