Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Мәскеу облысынан телефон қоңырауы түскен. Ресей Федерациясынан хабарласқан әйел Тайынша қаласында тұратын 67 жастағы анасының жоғалғаны туралы айтқан. Оның сөзіне қарағанда, есі кіресілі-шығасылы кейуана Петропавлдағы №3 қалалық ауруханадан кетіп қалған. Бұл жөнінде оған дәрігерлер хабарлапты.
Петропавл полиция басқармасының жеке құрамы мен қосымша күштер бірден іздеуге кірісті. Абырой болғанда ол түн жарымда табылды. Қала тұрғындарының бірі сауда орталығының маңында адасып жүрген әйел туралы полицияға хабарлаған. Зейнеткер аман-есен үйіне оралды.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.