«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛИМП ТӨРІНДЕ АБАЙ ӘНІ ӘУЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Абайдың “Айттым сә­лем, Қаламқасы” шырқалды.

Нақтырақ айтсақ, мәнерлеп сыр­ған­аудан латвиялық спортшы Денис Васильев қысқа бағдарламада қазақ­тың ұлы ақыны Абайдың “Айттым сә­лем, Қаламқас” әнімен өнер көрсетті. Қазақ ақынының әнімен мұз айдынын­да қалықтаған Васильев 85,30 ұпай еншілеп, 16-орынға жайғасты. Енді ол еркін бағдарламада сынға түседі.

Денис Васильев осыдан 4 жыл бұ­рын, яғни 2018 жылы бірінші рет Пхенчхан Олимпиадасына қатысқан болатын. Онда ол жарысты 19-шы орынмен аяқтаған. Бейжің – оның екінші жаһандық додасы. Спортшы Абайдың “Айттым сәлем, Қаламқас” әнін таңдау себебін айтқан жоқ.

Қазақ жанкүйерлері үшін Бейжің Олимпиадасынан Абайдың әнінен басқа мақтанышпен жеткізер жаңа­лық жоқ. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева бұл жолы сенімді ақтай алмады. Жүлдеге ең жақын болғандар – шорт-тректен Қазақстан құрама командасы. Олар бесінші орынға жайғасты.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp