«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екпе ал да, шипажайда демал!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы медициналық мекемелерде “Денің сау бол­сын десең, екпе ал!” атты акция өтуде. Оған вакцинаның бірін­ші компонетін салдырған кез келген тұрғын қатысып, шипа­жайға жолдама және тісті емдетуге сертификаттар ұта алады.

Қаңтардың 27-сі күні басталған ак­ция үш кезеңнен тұрады. Әр апта са­йын курорттық шипажайға жол­да­ма­лар және тіс емханасына сер­тифи­каттар ойнатылады. №3 қала­лық ем­ханада екінші кезеңнің же­ңімпазда­рына сертификаттар та­бысталды.

– Акцияға қатысу үшін қандай вак­цина алғаныңыз маңызды емес. Тек алғашқы компонентті қабылдаған бол­саңыз жеткілікті. Акцияға 110 адам қа­тысты. Біз емхананың инс­та­­грам па­рақшасында тікелей эфир­ге шығып екінші кезеңнің же­ңім­пазда­рын анық­та­дық, – дейді №3 қалалық емхана директорының орынбасары Алтын-Сара Қарабалина.

Аталмыш акция қаланың барлық емханаларында жүргізіліп жатыр. Шараның екінші кезеңі қалалық №1 ем­ханада ұйымдастырылды.

– Біздің емханада өткен акцияға вакцинаның алғашқы кампонентін қа­былдаған 91 адам қатысты. Нә­ти­же­­сінде бір жеңімпаз Бурабай де­ма­лыс орнына жолдама ұтып алса, тағы бір тұр­ғын 50 мың теңгенің сер­ти­фикаты­на ие болды. Сонымен қатар 20 мың жә­не 10 мың теңгелік сертификаттар да өз жеңімпазда­рына табысталды, – дейді №1 қалалық емхана директо­ры­­­ның орынбасары Әлия Жанботи­на.

Акция бір айға созылмақ. Жеңімпаздар “randomus.ru” сервисі арқылы анықталады.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp