«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балалар бөлімшесі жаңа инфекциялық ауруханаға көшіріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр ашылған инфекциялық ауруханаға балалар бөлімшесі толық көшірілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасын күрделі жөндеуге 134 млн теңге бөлінбек. Жақында компьютерлік томограф алынды. Қазір орнатылып жатыр, екі апта шамасында заманауи қондырғы қолданысқа беріледі.

«Медицинаға қаражат бөлініп жатыр. Бұл да аз, бірақ осылайша біртіндеп мәселе шешімін табады деп ойлаймын. Ата-аналар балаларға арналған инфекциялық аурухана ғимаратына қатысты наразылық, өтініштерін жиі айтады. Ол ғимарат ескірген. Сондықтан қазір коронавирусқа қатысты жағдай біршама тұрақталысымен-ақ біз бұл балалар бөлімшесін былтыр ашылған инфекциялық ауруханаға көшіреміз. Ол аурухана 200 орынға арналған. Оның жартысын біз балалар бөлімшесіне бере аламыз. Нысан барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. Сондықтан бұл мәселе де шешімін табады», – деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, 2019 жылы құрылысы басталған облыстық көпбейінді аурухана биыл жыл соңына дейін немесе келесі жарты жылдықта пайдалануға беріледі.

«Бұл заманауи аурухана болады. Оған қажеттілік бар, өйткені, біздің тұрғындарымыз, өкінішке орай, басқа өңірлерге, шетелдерге сапалы медициналық көмек алу үшін баруға мәжбүр. Сондықтан осы аурухана құрылысы жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін біраз жұмыс атқарылды», – деді СҚО әкімі.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp