«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТҮМЕН ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгіндері Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Ресейдің Түмен облысында бизнес-миссияны іске асыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

28-31 наурыз аралығында іскерлік бағдарламасы аясында өңірдің негізгі кәсіпорындарына бару, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндірушілермен келіссөздер жүргізу жоспарланған.

Алғашқы күндері солтүстікқазақстандықтар Түмен облысының 7 кәсіпорнында және инвестициялық қорда болды.

— Ертең біз осы өңірдің тағы 5 негізгі кәсіпорнына баруды, Түмен облысы губернаторының орынбасары Андрей Пантелеевпен кездесуді, сондай – ақ солтүстікқазақстандық құрылыс ұйымдары мен Түмен өндірушілері арасында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізуге болатын байланыстар биржасына қатысуды жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp