«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ ТАСҚЫНЫН ТІКҰШАҚТАН ЖӘНЕ ҒАРЫШТЫҚ ТҮСІРІЛІМДЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН БАҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев облыстық қоғамдық кеңестің отырысында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін жергілікті билік қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қауіпті азайтуға бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Су тасқыны қаупін жою бойынша үш жылдық жол картасы орындалуда. Өткен жылы 2022 жылғы су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылды. Бұл 27 елді мекенді қорғауға мүмкіндік берді. Соңғы бес жыл ішінде өңірде 130 км топырақ үйінділері, жеті шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынды, бес гидротехникалық құрылыс жөнделді, автожолдарда 79 су өткізу құбыры, жеті тюбинг орнатылды, 48,5 км дренаж жүйесі салынды және жөнделді. Осылайша, 170 елді мекенде су басу қаупі жойылды, деп хабарлады Сәтжан Аблалиев.

Сондай-ақ, су тасқынын мониторингілеу және болжау үшін «Ғарыш сапары» геопорталы пайдаланылады. Биыл облыстық бюджеттен космомониторинг жүргізуге 6,5 миллион теңге, облыс аумағына тікұшақпен барлау жүргізу үшін әуе көлігі қызметіне тағы 13,4 миллион теңге бөлінді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp