«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫ МЕН ШЛАГБАУМДАР ОРНАТЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

IKomek ахуалдық орталығында автотұрақтар мен шлагбаумдарды орнату, тротуарлар салу және облыс орталығындағы көшелерді жөндеу жұмыстарының жай-күйі талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл қала тұрғындарының өтініштері бойынша 26 тұрақ пен 74 шлагбаум орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар Жуков, Караван , Потанин, Нұрсұлтан Назарбаев, Батыр Баян, Кеншінбаев, Пушкин және Панфилов көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру жұмыстарын жалғастыру көзделген.

Сондай-ақ, Жұмабаев көшесінің Чкалов көшесі мен Пионер көшесі, Громов көшесінің Ыбыраев көшесі мен Малая көшесі, Алтынсарин — Партизан көшесінен айналма жолға дейін, Горький көшесінің Сүтішев көшесі мен Петров көшесі аралығындағы жолдар жөнделіп, кейбірі жаңартылады.

-Биылғы жылы 5 көшені, яғни Кошуков, Парковая, Е.Бөкетов, Брусиловский, Исмайлов көшелері орташа жөндеумен қамтылмақ. 50 учаскеге қиыршық тас төсеу керек, — деп қосты iKomek өкілдері.

Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp