«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрақты комиссиялар отырысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Депутаттар алдында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны және өңір бойынша қоршаған ортаға төленетін эмиссия үшін биылғы жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы баяндама жасады.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың облыс шегінде уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсынысы тыңдалды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына өзгеріс енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасады.

Балаларға қатысты бірқатар аурулар туралы келіп түскен қолдаухаттарға байланысты денсаулық сақтау басқармасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емдеу кезінде облыс азаматтарының жекелеген санаттарына тегін беру туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады.

Халық қалаулылары өңір басшысы ұсынған “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағын алуға үміткерлердің тізімін талқылады.

Күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылаудан кейін кезектен тыс сессияда қарау туралы ұсыныс енгізілді.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp