«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұнай базасын өрттен аман алып қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында екі апта ішінде қураған шөп, қамыс жанған 250-ден астам өрт тіркелді. Зардабы орасан. Мобильді топтар рейдке шығып, өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға айыппұл салып жатыр. 30 шақты адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Дмитрий Растихиннің айтуынша, 4 сәуірден бастап облыста өрт қауіпті арта түсті. Осы аралықтан бері қураған шөп, қамыс жанған 250 шақты өрт тіркелген. Үш орман өрті болды.

-Өңірде жағдай ушыққан. 12 сәуір күні Заречный кентіндегі саяжай кооперативтерінде үлкен өрт тіркелді. Кеше Петропавлдағы Северный 1Б мекенжайы бойынша қамыс өртеніп, желдің салдарынан жалын сол маңдағы айыппұл тұрағына ауысты. Көліктер бір-біріне өте жақын тұрған. Салдарынан 6 көлік жанып кетті, тағы төртеуі зақымданды. Ол қамыс өскен батпақты жер, жол жоқ, өрт шыққан аумаққа жету қиындық тудырды. Мамандар жаяулап-жалпылап, жұмыс істеді. Теміржолмен жүруге тура келді.  Жақын маңда орналасқан мұнай базасына қауіп төнді. Жалынның жолын бөгеп, таралуына жол бермедік. Ең бастысы адам шығыны жоқ, — дейді Дмитрий Растихин.

15 гектар аумаққа жайылған өртті мамандар 3 сағаттан астам уақыт сөндірді. Бүгінде өрт сөндірушілердің жұмысы қауырт. 14 сәуірде облыста 12 өрт тіркелді, бұған қоса мамандар 46 шақыртуға барды. Жалпы алғанда 60 гектардан астам жер өртенді.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp