«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяққа алданған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғыны интернет-алаяққа алданып, жарты миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Желідегі «ақшаңызды еселеп береміз» деген хабарландыруға сеніп қалған Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтықтың құрбанына айналды. Интернеттен өзін қызықтырған хабарландыруын тауып алып, ұсынылған сайтқа тіркелген. Алаяқ келесі күні WhatsApp мессенджеріне хабарласып, жобаға қатысу үшін 150 000 теңге салу қажет екенін айтқан. Ер адам шағын несие ұйымынан несие  ресімдеп, алған қаражатын алаяққа аударған. Көп кешікпей оған 50 доллар табыс таптыңыз деген хабарлама келген. Жеңіл олжаға құныққан ол тағы да қаражат аударған. Бірақ көп ұзамай алданғанын түсініп, «табысын» талап еткен. Алайда, алаяқтар табысын көбейту үшін тағы да қаржы салу қажеттігін айтады. Ақырында 545 мың теңгесінен айырылған ер адам полицияға жүгінді.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Полиция қызметкерлері,   желідегі «қаражатты жылдам еселеудің» түрлі амалдарына, «қаржы пирамидаларынан» түскен  ұсыныстарға  сенбеу керегін  ескертеді.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp