«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Солтүстікқазақстандық жастар әскерге аттанды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда 1-інші наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Көктемде облыстан 550-ден астам жас сарбаздар қатарын толықтырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сәуірдің 17-сі 20 солтүстікқазақстандық жігіт әскерге кетті. Олар Алматыда Қазақстанның әуе қорғанысы күштерінде қызмет ететін болады.

— Мен әуе қорғанысы күштеріне қызмет етуге барамын. Көптен бері элиталық әскерлер қатарына қосылғым келіп жүрген. Әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті деп санаймын, — деді Нұрсұлтан Қайсарұлы.

Еліміздің қарулы күштерінің қатарын толықтырушыларды ата-аналары мен туыстары шығарып салды.

Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы азаматтар әскерге баруға міндетті. Көктемгі науқан барысында СҚО-дан 550-ге жуық жасты шақыру жоспарлануда. Олар ҰҚК шекара қызметінің, Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдеріне 12 ай мерзімге жіберілмек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp