«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ТАРИХҚА ТЫҢ КӨЗҚАРАС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өңірімізде өткен тарих пәні мұғалімдерінің тұңғыш съезінде делегат­тар “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мектеп бағдарламасында бұрын болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырып­тарды қайтару, “Қазақстан тарихы” және “Дүниежүзі тарихы” пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту мәселелеріне қатысты өз ойларын білдірген болатын.

Салалық ведомство басшысы бағдарламаларды жаңарту жөніндегі сарапшы­лар тобының жуырдағы отырысында сөй­леген сөзінде ұсыныстардың барлығын қолдайтынын жеткізді. Бұл тарихи әділеттілікті қалпына келтірудегі бірден бір дұрыс шешім болмақ. Қазір “Қазақстан тарихының” негізгі курсы 9-сыныпта аяқталса, 10-11 сыныптарда негізінен проб­ле­малық сұрақтар оқытылады. Осыған бай­­­ланысты мұғалімдер мен ғалымдар 6-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін ежелгі дә­уірден қазіргі заманды қамтитын тарих­ты бөліп оқытуды ұсынған еді. Мысалы, 6-сыныпты алып қарайық. Бір ғана 6-сынып­тың бағдарламасына 12 ғасырға жуық уақыт кіреді. VI ғасырдан XVIII ғасырдың басына дейін өте маңызды тарихи кезең­дер өткені, түркі мемлекеттерінің, Алтын Орданың және Қазақ хандығының дәуірі болғаны ескерілмей келді. Енді осы тақы­рыптарды толыққанды меңгеруді қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасы екі сыныпта оқы­тылады. Екіншіден, “Қазақстан тарихы” мен “Дүниежүзі тарихы” оқулықтары елі­міздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында “Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының” орнына “Қа­зақстан та­рихы” пәні оқытылады, яғни, бағ­дарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, дәлірек айтқанда, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды. Төртін­ші­ден, ғы­лыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, кейін мек­тепте сабақ беру құқығын иелене­ді. Бе­сіншіден, бағалау бойынша өзгеріс­тер ен­гізіліп, қорытынды аттестаттау бұ­рынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауыз­ша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.

Ең қуаныштысы, облыста Ә.Марғұлан атын­дағы Археология институты мен Ш.Уә­­лиханов атындағы Тарих және эт­но­логия институтының филиалдарының ашы­латыны. Енді өңірде ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастыруға үл­кен мүмкіндіктер тудырылмақ.

Эльмира АДЫРБЕКОВА,

Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp