«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы бірінші орын алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Digital urpaq» оқушылар сарайы ұйымдастырған 24 сағаттық хакатонға қатысып, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Digital urpaq» оқушылар сарайының ІТ орталығы ұйымдастырған хакатонға облысымыздан 25 команда қатысты. Сайыста Назарбаев зияткерлік мектебінің намысын 6 адамнан құралған 3 команда қорғады. Оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылық және ақпараттық-коммуникация салаларындағы өз идеяларын жүзеге асырып, жеңімпаз атануға барын салды. «Integro» компаниясы әзірлеген хакатонның негізгі тапсырмасы мен қосымша тапсырмаларды орындау үшін балаларға бір тәулік уақыт берілді.

«All hail Lelouch» командасының мүшелері Еламан Әміренов пен Тамирлан Мейрам дайындаған жобаларын ойдағыдай қорғап, шешендік өнер мен шығармашылық қабілетін де көрсете білді.

-Біз мемлекеттік және жеке меншік мекемелердегі қызмет көрсету сапасын бағалауға арналған сайт жасадық. Оған тұрғындар әрбір нысандағы QR кодты сканерлеу арқылы баға бере алады. Кезекке қою, күту уақыты, ыңғайлы жағдай жасау сияқты 5 критерий қарастырылған. Кейін соңғы алты айдағы есепті қарап, мекеменің қызметін жақсарту шараларын қолға алуға болады. Сайтқа жаңа нысандарды тіркеп, жұмысты жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылған, — дейді 12 сынып оқушысы Тамирлан Мейрам.

Хакатон қорытындысы бойынша жерлестеріміз бірінші орын мен 75 мың теңге жүлдені еншіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp