«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үш ауысымда оқымақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Бескөл мектеп-колледжі ғимараттың суық­ты­ғы­на байланысты оқуды үш ауы­сымға көшірді.

Соңғы уақытта әлеуметтік желі­де облыстағы кей мектептердің суықтығына шағымданушылар қа­тары көбейді. Ата-аналар сынып бөл­мелерінде температураның тө­мендігіне наразы, салдарынан оқу­шылар арасында аурушаңдық кө­бейген. Тұрғындар Бескөл ауылын­дағы мектеп-гимназияда да бала­лар­дың оқуына тиісті жағдай жасал­мағанын айтуда.

“Бескөл мектеп-колледжіндегі жағдайға байланысты айтар бол­сақ, мектептің бір бөлігі темпера­туралық режімге сай келсе, екінші бөлігіндегі кей сыныптарда суық. Сондықтан оқушылар үш ауысымға көшірілді. Балалар жылы кабинет­терге отырғызылды. Ол жерде тем­пература 19-22 градус шамасында. Бұл уақытша шара, ғимараттағы темпе­ратуралық режім дұрысталған бой­да, мектеп қалыпты оқыту форматына көшеді”, – делінген хабарла­мада.

Аудандық білім бөлімі маманда­рының айтуынша, оқу ордасының жеке әріптесі “Радуга” жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктестігі мектептің суық бөлігінде жағдайды жақсарту үшін модульді қазандық орнатуға шешім қабылдаған. Бүгінде дайын­дық жұмыстары басталып кетті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp