«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Желі тозған, жалақы төмен, маман тапшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“СевКазЭнерго” АҚ – өңірімізді энергиямен қамтитын, яғни жылу, электр қуатын өндіру, тасымалдау және өткізу ісімен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі. Ол бүгінде жарты миллионға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Акционерлік қоғамның еншілес кәсіпорны саналатын “Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату” мекемесі электр қуатын 160 мың тұтынушыға жеткізіп, бұдан бөлек, электр желілері мен қосалқы станцияларға қызмет көрсетумен тікелей айналысады. 40-тан астам құрылымдық бөлімшесінде бір мыңға жуық адам еңбек ететін кәсіпорын жұмысымен Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов танысты.

Энергия үнемдеу жобасы аясында облыс бойынша электр желілері сырты қапталған сымдарға ауыстырылып, көтерме және бөлшек саудада электр қуатын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Ескі индукциялық есептегіштер жоғары дәлдіктегі техникалық сипаттамасы қазіргі заманғы электрондық құрылғылармен ауыстырылған. Жетілдірілген жабдықтар арқылы тұтынылатын энергия интернет арқылы электр компаниясының серверіне жіберіледі. Оның маңызды ерекшелігі сол, жүйе желілерінде электр энергиясының шығындарын айтарлықтай төмендетеді.

Өңірге жұмыс сапарымен келген Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов “Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату” АҚ-ның диспетчерлік орталығында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры Анатолий Казановскийдің айтуынша, бұл жерде 15 адам жұмыс істейді, тәулік бойы ахуалды кірпік ілместен бақылап отырады. Анатолий Антонович мәлім еткендей, электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Күрделі жағдай шешімін таппаса, 2030 жылға таман желілер жарамсыз болып қалуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp