«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 22, 2022

КӨЙЛЕГІ КӨК, ЖҰМЫСЫ ЖОҚ “NEET” жастардың саны неге көбейіп отыр?

Заман бейнесінің жылдам ауы­сып, өзгеріске ұшырайтыны сон­ша­лықты, кейбір жаңалықтардың күн­делікті өмірімізге қалай енгенін аң­ғармай да қаламыз. Кеше ғана таң­сық көрінген жаңа сөздерді бүгінде емін-еркін қолданып жүрміз. Алға­шында жаңалық болып келген “NEET” термині де бүгінде көбімізге таныс. Аталған сөз бүгінде жастарға қатысты қолданылады. Түсіндіре кет­сек, “NEET” жастар дегеніміз – бі­лім алмайтын, жұмыс істемейтін, қо­ғам өміріне араласпайтын …

КӨЙЛЕГІ КӨК, ЖҰМЫСЫ ЖОҚ “NEET” жастардың саны неге көбейіп отыр? Read More »

Мағжанға араша түскендер

Мағжантанудың ұзын көшінің басында Алаш көсемі Әлихан Бө­кейхан тұрғанын айту парыз. “Осын­дай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған бес миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады”, – деп тебіренеді ол. Жиырма жастағы ақынға Әлекең 1913 жылы-ақ осындай баға берген. Мағжанның ұстазы – Міржақып Дулатов. Мағжан “Оян, қазақты” қолжазба күйінде көрген. Осы Қы­зылжарда туған тұңғыш қазақ …

Мағжанға араша түскендер Read More »

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Ғұмырының жартысына жуығын шәкірт тәрбиесіне арна­ған ұлағатты ұстаз, оқу-ағарту ісінің үздігі Рахмет Жұсыпов 90 жасқа толып отыр. Ел аузынан жазып алған әңгімелері мен естеліктерден құралған екі жинағы жарық көрді. Ақсақалдың көңілі көлдей шалқып, шабыт құшағына көмілгенде домбыра тартып, Ақанның, Біржанның, Үкілі Ыбырайдың әндерін орын­дайтыны бар. 1948 жылы Петропавл педагогикалық учили­щесіне емтихансыз қабылданып, оны аяқтай сала …

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ Read More »

Тіліксіз жасалатын ота

Облыстық көпсалалы аурухананың кардиологиялық орталығы биылдан бастап варикозды емдеуде аз инвазивті, сәулелік операциялар жасай бастады. Жаңа тәсілдің артықшылығы көп. Орталықтың баспасөз қызметі­нің мәліметінше, биыл өңір кардио­лог­тары 367 сырқатқа варикозға қар­сы ота жасаған. Соның 244-і зама­науи тәсілмен жүзеге асырылған. Яғни көктамыры кеңейген бұл сыр­қат­тарға эндовазалды сәулелік об­литерация отасы жасалған. “Бұл заманауи отаның басты артықшылығы – аз …

Тіліксіз жасалатын ота Read More »

КЕРЕГЕСІ КЕҢЕЙГЕН ІРГЕДЕГІ АУЫЛДАР

Қызылжар ауданына қарасты ауылдар облыс орталығын айнала қоршай орналасқан. Қаланың тірегі де, негізгі асыраушысы да солар десек болады. Ауданның жер көлемі 6 мың шаршы шақырымнан астам. Қазіргі таңда 44 мың адам тұрып жатыр. Жетпіс шақты елді мекен 19 ауылдық округке біріккен. Бұрынғы Бескөл мен Соколов аудандары қосылып, 1997 жылы Қызылжар ауданы болып құрылғаны белгілі. Аудан …

КЕРЕГЕСІ КЕҢЕЙГЕН ІРГЕДЕГІ АУЫЛДАР Read More »

Партия филиалына төраға сайланды

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “AMANAT” партиясы өңірлік филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы өтті. Онда бір жыл бойы атқарылған жұмыс қорытындыланып, партия филиалының төрағасы сайланды. Аталған шараға “AMANAT” партиясының хатшысы Жігер Қалиев, саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен “Жастар рухы” жастар қанатының өкілдері қатысты. Жыл басынан бері партияның облыстық және …

Партия филиалына төраға сайланды Read More »

Желі тозған, жалақы төмен, маман тапшы

“СевКазЭнерго” АҚ – өңірімізді энергиямен қамтитын, яғни жылу, электр қуатын өндіру, тасымалдау және өткізу ісімен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі. Ол бүгінде жарты миллионға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Акционерлік қоғамның еншілес кәсіпорны саналатын “Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату” мекемесі электр қуатын 160 мың тұтынушыға жеткізіп, бұдан бөлек, электр желілері мен қосалқы станцияларға қызмет көрсетумен тікелей …

Желі тозған, жалақы төмен, маман тапшы Read More »

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың аудандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы өңір басшысы Мағжан Жұмабаев, Мамлют және Жамбыл аудандарында болып, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаеводағы “Алтын ұрпақ” атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығына барды. Былтыр ашылған орталықта қазір 152 бала …

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН Read More »