«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орманға қорған болайық

Бектұрған Лақадыл

 turgan_bek84@mail.ru

Барыс жылы өңірімізде өрт­тің көптігімен де есте қалған­дай. Былтыр ормандарда 34 рет өрт шығып, салдарынан 1,4 мың гектарға жуық алқап жа­нып кетті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды реттеу басқармасы­ның мәліметіне сүйенсек, 12 ор­ман шаруашылығы мекемесі мен “Красный бор” жануарлар дү­ниесін қорғау жөніндегі ша­руашылық мамандары қызыл жалынның алдын алуға атса­лысуда.

Жалпы өрттің алдын алу – ор­маншылардың негізгі жұмыстары­ның бірі. Десек те тілсіз жау ойда жоқта пайда болатыны белгілі. Биыл орманды өрттен сақтау мақсатында 1,3 мың километр жер жыртылып, қауіпсіздік жолақтары салынды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұз­ғаны үшін 47 адам әкімшілік жауап­кершілікке тартылып, 834,4 мың тең­ге мөлшерінде айыппұл төлеген. Об­лыс аумағында тұрғындардың дема­лысын ұйымдастыру бойынша қыз­мет көрсететін орман учаскелерін жалға алған 27 орман пайдаланушы жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.

Басқарма мамандарының мәлі­метінше, биыл орман заңнамасын бұзудың 130 дерегі анықталып, кінәлі адамдарға 2 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған.

Облыста ұзақ мерзімге келісімге отырған 18 орман пайдаланушысы бар, олар ағаш дайындаумен және өңдеумен айналысады. Жыл сайын цехтарда шамамен 100-130 мың тек­ше метр ағаш өңделеді екен. Бұдан облыстық бюджетке 273 млн. теңге қаражат құйылады. Өткен жылы 387 мың текше метр ағаштың 252 мың текше метрін орман шаруа­шылықта­ры, ал 135 мың текше метрін орман пайдаланушылар дайындаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp