Облыс аумағында 2022 жылы адамдар зардап шеккен 382 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 105-і жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты болған. Бұл жол-көлік аппаттарында 9 адам қаза тауып, 109-ы әртүрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған. Жаяу жүргіншілер 42 рет жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Он екі ай ішінде өздерінің абайсыздығынан 3 адам мерт болып, 42-сі түрлі дене жарақаттарын алған.
Осындай фактілердің жартысынан астамы облыс орталығында орын алды, өйткені мұнда көлік қозғалысы көп. Бірқатар жағдайда қала тұрғындары уақыт үнемдеу мақсатымен жол қозғалысы ережесін бұзып, өмірлеріне қауіп тудырып жатады. Былтыр жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары – велосипедшілер, электросамокаттардың және көлік құралына жатпайтын басқа да қозғалыс құралдарының иелеріне 6873 хаттама толтырылды.
Жол қозғалысы қатысушылары тәртіп сақтағанда ғана қайғылы оқиғалардың алдын алады. Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысының қатысушыларынан ереже талаптарын қатаң сақтауды және кәмелетке толмаған балаларға көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруды үйретуді сұрайды.
Айдын БАЙМАТОВ,
жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.