«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жан шуағы

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Тағдыр толқыны адамды қай жа­ға­ға тастайтынын ешкім білмейді. Өмірде қиын жағдайда қалған жан­дардың күйін көру неткен ауыр. Ал сол адамдардың қуанған, күлімдеген жүзіне қарау қандай ғанибет! Осындай жылылықты жақында ашылған “На­дежда” қарттар үйіне отбасылық үлгі­дегі балалар үйінің ұл-қыздары сый­лады. Балғындар аға буын өкілде­ріне арнап концерт қойды. Осылайша бұл жандар өздері іздеген қуанышты бір-бірінен тапқандай болды.

– Біз мұнда келу үшін ұзақ дайын­далдық. Қарт адамдар қуанып, күлім­деп жүрсе екен дедік. Осыған орай өз қолымызбен сыйлықтар да дайындап әкелдік. Бүгінгі кеште ән айтып, би биледік. Егде жастағылардың ден­саулығы мықты болып, ұзақ өмір сүрсін деп тілеймін, – дейді қарттарға қуаныш сыйлаған балғындар.

Өнерге жаны жақын балалар қа­риялардың алдында ештеңеден ая­нып қалмай, бар қабілетін көрсетті. Бұ­дан бөлек, олар ата-әжелеріне сый­лықтар мен өз қолдарымен әзірлеген кәдесыйларын да ала келіпті. “На­дежда” үйіндегі 50 қария балғындар­дың құрметіне риза болып, өнерле­ріне қол соқты.

– Менің бар өмірім осы қалада өту­де. Жарымнан айырылғаннан кейін жалғыз қалдым. Сондықтан да осында келдім. Мұнда замандаста­рыммен бірге уақыт өткіземіз. Бізге келіп, өмірімізді мерекеге айналдыр­ған балаларға ризамыз, – дейді қарт­тар үйінің тұрғыны Георгий Сурду.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp