«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа жылды сәтсіз бастады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Qulager” командасы шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясын­­дағы кезекті матчын қарағандылық “Saryarqa” клубымен өткізді. Жерлестеріміз екі ойында да қонақтарға есе жіберді.

Петропавлдағы Спорт сарайын­да өткен биылғы жылдың алғашқы ойынында жерлестеріміз 2:3 есебі­мен қарағандылықтарға есе жібер­ді. Кездесудің бірінші кезеңінде “Sa­ry­arqa” хоккейшілері есеп ашқан. Нә­тижелі соққының авторы – Игнат Холь­кин. Кейін қонақтар есепті есе­леуге тырысты. Алайда жерлестері­міз тосқауыл қоя білді және 23-ші минутта таразы басын теңестіре алды. Алаң иелердің сапынан Илья Ры­жий көзге түсті. Араға 5 минут са­лып, қарағандылықтар тағы алға шықты. Екінші кезеңнің аяқталуына санаулы уақыт қалғанда “Qulager” ойыншысы алаңнан қуылып, бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланған қонақ­тар есепті 1:3-ке жеткізді. Үшінші ке­зеңде есеп айырмасын қысқартқа­ны­мен жерлесте­рімізге уақыт жетпеді.

Қарымта ойында да қарсылас ко­манда жеңді. Бұл кездесуде 7 шайба соғылып, матч 3:4 есебімен “Saryar­qa”-ның пайдасына аяқталды. Әзірге турнир кестесінде “Qulager” клу­бы 32 ұпаймен 8-ші орында, ал қарағандылық команда біріншілікте көш бастап тұр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp