7 қаңтар күні Мамлютка қаласының маңында “Мамлютка – Қостанай” автожолында қолайсыз ауа райы жағдайында “Nissan Murano”, “Audi A6” және “Toyota Avensis” автокөліктері соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Соқтығысу салдарынан “Toyota Avensis” автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасының тағы сегіз қатысушысы, яғни “Audi A6” және “Toyota Avensis” автокөліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары, олардың арасындағы 2014 жылы туған бір кәмелетке толмаған жасөспірім, түрлі дене жарақаттармен медициналық көмек көрсету үшін емдеу орындарына жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы фактісі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жинауда.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.