Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифі екі есеге қымбаттайды.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында қоқыс тарифінің мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасы жарияланды. Онда бұдан былай абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару тарифі бір адамға айына 480 теңгені, абаттандырылмаған үйлер үшін – 510 теңгені құрайтыны жазылған. Сондай-ақ заңды тұлғалар үшін – текше метр үшін 2782 теңге болады.
Жалпы Петропавлда қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтерді төрт ұйым: “Коммунхоз Петропавловск”, “Моль Сервис”, “Коммун Север” және “Чистый Петропавл” серіктестіктері көрсетеді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.