Петропавл қалалық полиция басқармасына келген 58 жастағы азамат пайдаланылмай тұрған көлікжайын қоқыс пен үйінділерден тазартып жүріп қос ұңғылы мылтық салынған қапшық тауып алғанын айтқан. Ол табылған қару туралы бірден полицияға хабарлаған.
Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері оның оқ атуға жарамды атыс қаруы екенін анықтады. Бір қызығы, бұл мылтық бельгиялық “Bayard” фирмасының сирек кездесетін аңшы қаруы болып шықты. Мылтыққа ойылып жазылған белгілерін тексергеннен кейін криминалистер ол 1893-1898 жылдар аралығында шығарылған деген болжамға келді. Алдағы уақытта бұл мылтық облыстық полиция департаментінің музейіне тапсырылмақ.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.