«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төртаяқты көмекшілер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кинологиялық қызмет орталығы­ның өткен жылғы жұмысы қорытын­дыланды. Иттер қылмыстарды ашу­ға, жарылғыш, есірткі заттарын із­деуге және тағы да басқа мақсат­тарға пайдаланылады.

Өткен жылдың тамыз айында осындай қылмыстарға шығу кезінде Гретта лақап аты бар қызметтік ит жалпы салмағы 49 килограмнан асатын марихуананы тауып алды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Кино­логиялық қызмет орталығының бас­тығы, полиция майоры Самат Төле­баевтың айтуынша, төртаяқты кө­мек­шілер өткен жылдың он екі айында 674 қылмысты ашуға көмектес­кен. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз сақ­талған есірткілік және психотроптық заттарды іздеуге 18 рет тартылып, 17 есірткі қылмысы ашылды. Қазір полиция қатарында 52 ит қызмет ат­қарып жүр, олар – неміс, бельгиялық овчаркалар, лабрадорлар, спа­ниельдер мен ротвейлерлер.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp