«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жекпе-жек клубы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атын­да­ғы ауданның Тахтаброд ауы­лында аралас жекпе-жек түр­лерімен айналысуға арналған спорт клубы ашылды.

“Тахтаброд” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 шаршы метр аумақты алып жатқан нысан­ның бір бөлігін қалпына келтіруге 17 млн. теңге бағыттап, қысқа мер­зімнің ішінде коммуналдық жүйе­лерін ретке келтірді. Жуынатын және жаттықтырушылар бөлме­ле­рін салып, балалар мен ата-аналарды үлкен қуанышқа бө­леді.

Негізгі залда тренажерлар жұ­мыс істейді. Келушілер алаңсыз жаттығу үшін басқа да қажетті спорттық жабдықтар қойылған.

Серіктестік директорының міндетін атқарушы Аят Айғанов­тың сөзіне қарағанда, компания­ның бас директоры Аян Зейнул­лин тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануын әркез бас­ты назарда ұстайды.

Бүгінде спорт клубына шаруашылық қамқорлыққа алған Но­воствеловка, Литвиновка, Рух­ловка ауылдарының да балалары қатынап, күрестің қыр-сырына үйренеді. Олар үшін арнайы ав­тобус бөлінген.

Жас балғындарды Андрей Байер жаттықтырады. Оның бокс­тан спорт шебері, кикбоксингтен Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, әлемнің екі мәрте кү­міс жүлдегері деген атақтары бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp