«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Иіс тиген сәбилер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында пешті дұ­рыс қолданбау салдарынан екі бала иіс тиіп уланып қалды. Об­лыстық төтенше жағдайлар де­пар­таменті мемлекеттік өрт ба­қылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуын­ша, оқиға 23 қаңтар күні Петро­павлдағы Смирнов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. 7 және 4 жастағы сә­билер бірден облыстық көпса­лалы балалар ауруханасына жет­кізілді. Қазір жағдайлары орташа, ем алып жатыр.

“Балалардың улануына пеш мұржасын ерте жауып тастау себеп болған. Үйде балалардың жанында 30 жастағы анасы болған, келіншектің жағдайы жаман емес, тұрақты”, – дейді Аслан Ах­метжанов.

Жалпы өңірде жыл басталға­лы 37 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылы орын алған оқыс оқиға­лардың салдарынан бір адам мерт болды. Сондай-ақ биыл 6 адам өртте қаза тапты. 2 адам түрлі дене жарақатын алды. 4 адам иіс тиіп уланды, олардың біреуі қайтыс болды.

Өрт жағдайларының көбеюі­не байланысты өңірде 14 қаңтар­дан бастап өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Өртсөндірушілер, по­лиция қызметкерлері мен жергі­лікті билік өкілдері үй-үйді ара­лап, пештердің дұрыстығын тек­серіп жүр. Тұрғындарға қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат бері­луде.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp