«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКСІЗ ЖАТТЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дәстүрлі сабақтарға қарағанда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектептерде оқыту мен тәрбие үр­дісінің өзіндік ерекшеліктері мен ма­шықты үлгілері қалыптасқан. Әсі­ресе сөйлеу терапиясы, инновация сабақтарында, денсаулық сақтау технологияларын қолдануда лого­педтік тәжірибеге көбірек сүйенеміз. Бұл орайда, мүмкіндігі шектеулі бала ұғымына жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізудің, пайдаланудың маңызы айрықша. Ғасырлар бойы берік сынақтан өткен құндылықтар мен заманауи модельдік ізденіс­терді ұштастыра жүргізу қазіргі қоғам талабы екенін ескерсек, мұның өзі бұрыннан бар озық дүниелерді жақ­сарту, жаңғырту деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда, біздің мектеп-интернатта қол­даны­латын инновациялық технология­лардың дағдылы әдістермен және оқыту формаларымен үйлесімділігі барынша қамтамасыз етілген.

Логопедиялық практикада кез­десетін инновация “микроинно­ва­ция” деп аталады, оны қолдану ло­гопедиялық көмектің негізгі ұғымын өзгертпейді, тек әдістемелік жағы­нан жетілдіре түседі. Денсаулық сақтау технологиялары арнайы пе­дагогикада жиі кездеседі, бүгінгі таңда оны мамандар сөйлеу қиын­дықтарын ғана емес, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы бала­ларды жалпы сауықтыруда көмек­тесетін тиімді түзету құралдарының біріне жатқызып жүр. Логопедиялық көмек кешенді түрде жүзеге асы­рылса, ерекше күш-жігерді қажет ет­пейді. Керісінше, балалардың сөй­леу тілін түзету процесін оңтайлан­дыруға айтарлықтай ықпал етеді: оның ішінде баланы психологиялық тұрғыдан нығайтуға, сөйлеу тәжіри­бесін кеңейтуге және байытуға, жал­пы және ұсақ моториканы, сен­сор­лық-перцептивті саланы дамытуға, бірлескен қызметте құрдастарымен достық қарым-қатынасты тәрбие­леуге, тапсырмаларды сапалы орындауға, логопедиялық сабақ­тарға деген қызығушылық пен бел­сенділікті оятуға қызмет етеді.

Дамуында ауытқулары бар ба­ла­ларды тәрбиелеу мен оқыту жүйе­сінде қалыптасқан нақты жағдай­ларға талдау жасау барысы сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың саны үнемі өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Сөйлеу дамуының бұзылуы оқыту тәжірибесінде басты мәсе­ле­нің бірі саналып, балалардың то­лыққанды оқу іс-әрекетін қалыптас­ты­руға кедергі келтіреді. Логопе­дия­лық жұмыстың практикалық тәжіри­бесі көрсеткендей, соңғы жылдары біз­дің мектептің бастауыш сыныпта­ры­на түсетін оқушылар арасында сөйлеу дамуында әртүрлі ауытқула­ры бар балалар санының едәуір өскені байқалады. Сөйлеу қабілеті дамымаған оқушыларда қозғалыс және жоғары психикалық функ­цияларды дамытуда проблемалар көп. Саусақтардың бүгілмеуі, ұсақ моториканың дамымауы байқа­ла­ды. Қозғалыстардың ыңғайсыздығы жаяу жүруде, жүгіруде, секіруде, прак­тикалық іс-әрекеттің барлық түрлерінде кездеседі. Дыбыстардың айтылуындағы тұрақты бұзылу­лар­ды тудыратын тағы бір себеп – ар­тику­ляция мүшелері қозғалғышты­ғы­ның жеткіліксіздігі, ерін және тіл­дің жеке бұлшық еттерінің жұмыс іс­темеуі болып табылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сөйлеуін, артику­ляциялық және ұсақ моториканы дамытуда дыбысты дұрыс айту үшін қозғалыстардың күрделі кешенінен тұратын артикуляциялық режімді жаңғырту, фонация және тыныс алу әрекетін жеткілікті түрде үйлестіру әртүрлі бұлшық еттер мен жүйке жүйесінің үйлесімді жұмысын қажет ететін күрделі процесс екеніне осыдан-ақ көз жеткізуге болады.

Мен өз тәжірибемде жұмысым­ды оқушыларға алғашқы диагнос­тика жүргізуден бастаймын. Диаг­нос­тика нәтижелері түзету мекте­бінің 1-сыныбына түсетін балалар­дың шамамен 80 пайызының сенсо­моторлық жағынан дамымаған­ды­ғын көрсетеді. Сондықтан дина­микалық қалыптарды өзгерту үшін түзету логопедиялық сабақтарына ерекше мән беремін. Қозғалыс бел­сенділігін анықтайтын өлшемдер мыналар: физикалық минуттар, ашық ойындар, көңіл күй минутта­ры, саусақ гимнастикасы, психоло­гиялық өзін-өзі реттеу жаттығулары – релаксация, майтабанның алдын алуға арналған жаттығулар, өз-өзіне массаж жасаудың кейбір әдістері (акупрессура), тыныс алу гимнасти­касы, тағы басқа. Осы орайда, ден­саулық сақтау технологияларының ең ұтымды әдістерін талдап, іс жү­зінде сынап көрдім. Мысалы, ұйым­дастырушылық сәттерде мен ре­лаксация, мимика және имитация­лық жаттығуларды қосамын.

Ал артикуляциялық аппарат мүшелерінің негізгі қозғалыстарын да­мыту үшін артикуляциялық гим­настикаға жүгінемін. Негізгі міндет – қозғалыстардың дәлдігін, күшін, қарқынын, ауысуын дамыту. Оған мүшелердің қозғалғыштығы мен ауысуы, еріннің, тілдің белгілі бір бө­лігін жаттықтыру, барлық дыбыстар­дың дұрыс айтылуы және сол не­месе басқа топтың әр дыбысына арналған жаттығулар кіреді. Дыбыс­тарды қою жұмысында жақсы нә­тижеге қол жеткізу және балаларды қызықтыру үшін биоэнергопластика­лық әдіс, яғни қол мен тілдің өзара әре­кеттесуі қолданылады. Дене қи­мылдары, қолдың және артикуля­циялық аппараттың бірлескен қи­мылдары денеде биоэнергияның табиғи таралуына көмектеседі. Бірқатар сөйлеу кемшіні симпто­ма­тологиясында физиологиялық және сөйлеу кезінде тыныс алудың бұзы­лу синдромы бар екенін ескере оты­рып, соған арналған жаттығуларды іске қосудың пайдасы мол. Ол үшін статикалық және динамикалық ты­ныс алу жаттығуларын қолдану ар­тықтық етпейді, сонда мұрынмен тыныс алу, ауыздан дем шығару қа­білеті жақсарады. Бұл дыбыстар­ды, буындарды, сөздерді, сөз тір­кестерін айту кезінде дем шығаруды ұтымды пайдалануға бағытталған. Күш-жігерді қалпына келтіру және сабақ кезінде балалардың эмоцио­налды қозғалысын тежеу мақ­саты­мен бұлшық ет релаксациясы жүр­гізіледі. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың көпшілігі көтеріңкі кө­ңіл күй мен тежелу процестері ара­сындағы тепе-теңдіктің бұзы­луы­мен, эмоционалдылықтың жоғары­лауымен және мазасыздықпен сипатталады. Кез келген, тіпті кішігі­рім стресстік жағдайлар олардың әлсіз жүйкесін бірден әлсіретіп жіберуі ықтимал. Бұлшықет пен эмо­циналды босаңсу – табиғи сөйлеу мен дұрыс дене қимылын қалыптас­тырудың маңызды шарты.

Саусақ қимылдарын шынық­тыруға арналған жүйелі жаттығулар сөйлеудің дамуын ынталандырудың және ми қыртысы жұмысын жақсар­тудың тиімді құралы ретінде сана­лып, сөйлеуді дамыту орталық­та­ры­на әсер етеді, қол шеберлігін да­мы­тады және шиеленісті жеңілдетуге көмектеседі. Осы мақсатта мына жаттығуларды қолдануға болады: кішкентай заттармен, өлеңдермен саусақ ойындары, саусақ гимнасти­ка­сы, “суджок” шарлары мен серіп­пелерін, конустарды, Кузнецов аппликаторын қолдану. Шаршау, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі, қызығушылық пен зейіннің жоғалуы кезінде сабақ құрылымына дене шы­нықтыру минуттарын қосуды, қысқамерзімді белсенді демалыс жария­лауды ұсынамын.

Лариса КОСАРЕВА,

№2 арнайы (түзету) мектеп-интернатының логопед-мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp