Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі “ATP Challenger Tour” турнирінің финалында жеңіліп қалды.
Тимофей Скатов соңғы бәсекеде әлемнің 76-шы, осы жарыстың 1-ші ракеткасы, аргентиналық Федерико Кориамен бас жүлдені сарапқа салды. Аргентиналық спортшы екі сағатқа созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Тимофей 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Петропавлдық теннисші аталмыш доданың финалына дейін жетуінің арқасында жаңартылатын әлемдік рейтингте 129-шы орынға көтерілетінін айта кеткен жөн. Бұл жерлесіміз үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.