«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз алкоголь тәркіленді

Бектұрған Лақадыл

 turgan_bek84@mail.ru

Мамлют ауданында 143 литр заң­сыз алкоголь тәркіленді. Мамлюттік полицейлер ауылдың бір тұрғыны­ның ащы суды лицензиясыз дү­кенде емін-еркін сатып келгенін анықтады. Кәсіпкерге қатысты Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы ко­декстің 463-бабы бойынша іс қоз­ғалды.

Аудандық полиция бөлімі ма­мандарының айтуынша, Мамлют ау­данындағы көптеген қылмыс мас күй­­де жасалады. Ащы суға бөгіп ал­ған олар ойына келгенін істейтін көрі­неді. Сол себепті, заңсыз саты­лып жатқан алкогольдік ішімдіктерді тәркілеп, жолын кесу отбасылық жан­жалдардың санын азайтуға да ықпал етеді деген болжам бар. Мә­селен, 2021 жылы 144 отбасылық жанжал дерегі тіркелсе, былтыр ол 115-ке дейін азайған. Жалпы облыс­та был­тыр тәртіп сақшылары барлы­ғы 9600 литр заңсыз алкоголь өнімін тәркіле­ген.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp