«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда және өңірдің барлық аудандарында мәслихаттардың бұрынғы депутаттарының есепті кездесулері өтті. Бұрынғы халық қалаулылары партиялықтарға өз жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

“AMANAT” партиясы Мамлют аудандық филиалының төрайымы Алтын Сағитова Дубровинское ауылындағы әріптестерімен кездесті. Ол жетінші шақырылымның жұмысы басталғаннан бері барлығы 33 сессия, оның ішінде 15 кезекті және 18 кезектен тыс сессия өткізілгенін айтты. Барлығы 280 мәселе, соның ішінде – 146 нормативтік-құқықтық акті қаралған. Назарға алынған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

“Жетінші шақырылым депутаттары аудандық маңызы бар және кентішілік жолдарды, мектептерді, Мәдениет үйлерін күрделі жөндеу барысына тұрақты түрде мониторинг жүргізді. Депутаттың жұмысы тек сессия өткізумен шектелмейді, олардың қызметінде азаматтармен жұмыс ерекше рөл атқарады. Есепті кезеңде “AMANAT” партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттары 111 қабылдау өткізді, 115 сайлаушы жеке мәселелері бойынша жүгінді, олар көтерген сауалдардың 47 пайызы оң шешілді, өтініштердің 53 пайызына түсініктеме берілді”, – деді Алтын Сағитова.

Ал Ақжар ауданындағы Дәуіт ауылында эксдепутаттар “Ленинградское” бастауыш партия ұйымының мүшелері алдында есеп беріп қана қоймай, осы елді мекенде сәтті іске асырылған жобаларды талқылады.

Бүгінде ауыл тұрғындары үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Мысалы, елді мекен орталық сумен жабдықталған, барлық кентішілік жолдарға асфальт төселді, “Ленинградское – Дәуіт” автожолының 12 километр болатын учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілді.

“Ауыл тұрғындары үшін электр энергиясы тарифін арзандату мақсатында жаңа электр желісі тартылды. Енді станция маңайындағы көшелердің тұрғындары электр энергиясы үшін бұрынғы тарифтен 10 теңгеге арзанырақ ақы төлейтін болады. Бұл жобалар “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылған міндеттер аясында жүзеге асты”, – деп атап өтті Оксана Киккаринова.

Есеп беру кездесулері кезінде партиялықтар ауыл тұрғындарының тұрмыстарын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp