«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Синтетикалық есірткі сататындар көбейген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күні жастар арасында ең өзекті проблема саналатын есірткі жайлы статистикалық мәліметтер жан түршіктіреді. Ол туралы об­лыстық полиция департаменті есірт­кі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Иван Тер­зиди өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли­хатында мәлімдеді.

Облыс бойынша жарты мыңға жуық нашақор тіркеуге алынған. Ола­рдың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар.

“Былтыр 139 адам есірткі сау­дасы бойынша қылмыстық жауап­кершілікке тартылды. Олардың 8-і – шетел азаматы. Сондай-ақ син­тетикалық есірткіні Алматы мен Петропавл арасында тасымалдап жүрген қылмыскерлер тобы, бір есірткі зертханасы әшкереленді”, – деді басқарма жетекшісі.

Өткен жылы есірткіге қатысты 242 қылмыс тіркеліп, оны сатудың 90 фактісі анықталған. Заңсыз ай­на­лымнан 425 килограмм есірткі тәркіленген. Жиі кездесетін психо­троптық заттардың ішінде 3,4 ки­лограмм синтетикалық есірткі бар. Жедел іс-шараларды жүргізу ба­ры­сында “спайс” синтетикалық есірт­кісін тарататын интернет-дү­кеннің 22 жастағы әкімшісі ұс­талған.

Басқарма бастығы есірткі тара­ту­мен айналысқан жандарға қол­данылатын заң қатаң екенін ес­кертті. 10 жылдан 20 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

Дина МҰРАТ,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp