«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерік Асқаровтың көзәйнегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлке­тану музейі қорындағы құн­ды жә­дігерлердің бірі – ақын, жерле­сіміз Ерік Асқаровтың көзәй­негі.

Қазақ айтыс өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан талант иесі ар­тына “Қарлығаш”, “Жетіген”, “Аққу­дың көгілдірі” сынды бірқатар жыр жинақтарын қалдырған.

Оның “Қаралы көш” әңгімесіне ақын, журналист Болат Қожахме­тов: “Шұғаның белгісіне” ұқсайды”, – деп хат жазса, қазақтың суреткер жазу­шысы, “Жұлдыз” журналының сол кездегі қызметкері Оралхан Бө­кей: “Сен классик баласың. Бірақ жур­налға басуға әңгіменің көлемі қысқа”, – деп арқасынан қағыпты. Ақын көзі ті­рісінде жиі пайдаланған жәдігер туралы білмек болып әке­сінің өнер­дегі жолын жалғастырып, Жүрсіннің жүйріктерімен сынға тү­сіп жүрген ба­ласы, қазіргі уа­қытта Астанада тұрып жатқан Бекзат Ас­қаровпен тілдескен едім.

– Әкем бұл көзәйнекті 2000 жыл­дары жиі пайдаланды. Сол көз­әйнекпен дүниені үлкейтіп, не кіші­рейтіп қарап отыратын сияқты еді маған. Әкемнің әлемге әйгілі классиктердің шығармашылығымен су­сындауға, өндірте жыр жазуға кө­мегін тигізген көзәйнек мен үшін де қымбат, – деді ол.

Аталмыш жәдігерді музейдің қорына өлкетанушы, термеші “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Дәстен Баймұқанов 2004 жылы тапсы­рыпты.

“Есілдің бойын,

Қызылжар төсін көмкерген.

Қайың де мені,

Көшпейтін туған өлкемнен.

Басыма менің ақ қайың ғана ек дер ем,

Жұлқысып жүріп жығылар болсам ертең мен”, –

деп жырла­ған Ерік Асқаровқа тие­сілі жәді­герді му­зей қабырғасына арнайы бас сұғып, тамашалайтын­дардың қатары қалың.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp