«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Лаңкестікке қарсы комиссия отырысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Жиында діни экстремизм мен терроризм идеологиясын тарату ықтималдылығы зор салаларда алдын алу жұмыстарын жүргізуге, мамандандырылған ақпараттық түсіндіру тобы жұмысының ықпалдылығын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды кешенді түрде жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында әлеуметтік зерттеулер жүргізуге айрықша назар аударылды.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің терроризмге қарсы қауіпсіздік жағдайы туралы қаралған мәселеде нақты міндеттер атап көрсетілді. Айдарбек Сейпілұлы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, әлеуметтік зерттеулердің тиімділігін жоғарылатуды тиісті орындарға тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp