«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН” челленджі бастау алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданында тұратын он екі жасар Жасмин Қалдыбек өзінің “Instagram” парақшасында шығармашылық эстафетаны қолдауға шақырған бейнеролик жариялады.

– Биыл Алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ. Осыған байланысты біздің ұлы жерлесіміздің Отаны – Сарытомар ауылынан “Мен жастарға сенемін” челленджін бастағым келеді, – деп атап өтті Жасмин.

“AMANAT” партиясының қолдауымен өтетін челлендждің мәні – ұлы ақынның шығармаларын насихаттау. Жасмин Мағжан Жұмабаевтың “Туған жер” өлеңін мәнерлеп оқып, эстафетаны “AMANAT” партиясының төрағасы Ерлан Қошановқа жолдады. Жетінші сынып оқушысының бейнежазбасын желі пайдаланушылары қуана қабылдады.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp