«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН БИІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Президент сайлауы қарсаңында сөйлеген сөзінде ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданың бірі мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық екенін атап көрсетіп, ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі осы тұрғыдан қабылдануы, әр істе мемлекеттік ұстаным болуы қажеттігін қадап айтты.

Президент ұсынған жаңарту бағ­дарламасының түп қазығы саяси ре­формаларды жаңашылдықпен әрі дәйектілікпен жүзеге асыра отырып, әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, бе­ре­келі қоғам құруға бағдарланбақ. Ал экономикалық саясатымыздың негіз­гі мақсаты еш өзгермейтіні, оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру болып қала беретіні анық. Саяси бастамалар мемлекеттік құрылысымыздың “Қуатты Президент – ықпалды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкімет” қағидатын формалық және мазмұны жа­ғынан байытып, бүкіл саяси жүйені кешенді түрде реформалауға зор мүмкіндіктер беретінін қазақстан­дықтар нақты сезініп отыр. Оның ай­ғақты мысалдарын алысқа ұзамай-ақ, Аққайың ауданындағы Полтавка ауылдық округінен келтіруге болады.

2022 жылғы 3 наурызда Прези­дент­тің “Әкімдердің халықпен кезде­сулерін өткізу туралы” Жарлығы қа­былданғалы тоқсан сайын барлық деңгейдегі әкімдердің жергілікті жер­лерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы азаматтарды хабардар ету, халықты толғандыратын проблема­лық мәселелерді шешу, билік ор­гандарының беделін күшейту шарала­ры жандана түскенін аңғару қиын емес. Тұрғындар әкімдердің кездесу­лері бұрынғыдай жалпылама есеп үшін ғана керек деген көзқарастан арылып, өздері қоғамдық істерге бел­сене араласа бастағаны қуантады. Шешімін таппай келе жатқан шетін проблемаларды бірге талқылап, әлеу­меттік-экономикалық дамудың кенжелеп қалған тұстарын сынау­шыдан гөрі жәрдемдесуші, түрлі те­тіктер, құралдар арқылы ықпал жасау­шы, бақылауға алушы ретінде бет бұра бастауы өте құптарлық. Мұның өзі бұдан былай жылына бірнеше мәрте өтетін есеп беру жиындары­ның маңыздылығын, ауқымдылығын түсінгенін аңғартады. Полтава ауыл­дық округінің аумағында орналасқан үш елді мекенде шешімін табуы тиіс мәселелер аз емес. Бірінші кезекте, жаңа жұмыс орындарын ашу есе­бінен екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер санын азайтуға ерекше мән берілді. Округ бойынша эконо­ми­калық белсенді тұрғындар саны – 440 адам болса, 122-сі өзін-өзі жұ­мыспен қамтамасыз еткен. Сырттан көшіп келушілердің есебінен көші-қонда оң үрдіс пайда болып, туу көр­сеткіші біршама жақсарды. Өткен жылы 91 адам жұмысқа орналасты­рылып, жастар тәжірибесіне – 3, әлеуметтік жұмыс орнына – 1, кәсіп­тік оқытуға – 3, қоғамдық жұмыстарға – 8, бос орындарға 42 адам тартылды. Осылайша 2021 жылмен салыстыр­ғанда жұмыспен қамту көрсеткіші 9 бірлікке артты.

Президенттің Үкіметке жүктеген тапсырмаларының бірі – әлемде қа­лыптасқан күрделі геосаяси жағдайға қарамастан тұрақты экономика­лық өсімге, әлеуметтік қамсыздан­дыруға қол жеткізу. Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополиялар­ды түбірімен жоя отырып, оның орны­на ашық әрі әділ бәсеке орнату күн тәртібіне қойылды. Әсіресе жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету, бюрократия мен форма­лизмді азайтуға бағытталған қадам­ның мәні айтарлықтай болды. Бер­тінге дейін билікті орталықсыздан­дыру үдерісіне мән берілмей келсе, енді жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесі адамдардың өздері тұратын жердегі тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей қатысуына негіз салатынын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Мұның барлық деңгейдегі әкімдіктерге тікелей қатысы бар.

Конституциялық реформа мем­ле­кеттік модельді кешенді түрде өз­гертуге бағытталып, ортақ жетістік­тер ұлт мерейін өсіретін құндылығы­мызға айналды. 1 қаңтардан бастап сайлау заңнамасы мен сайлау жүйе­сіне қатысты бірқатар жаңа өзгерістер енгізілді. Бірмандатты сайлау округтері мен тиісті сайлау комиссиялары құрылды. Мәжіліс пен бар­лық деңгейдегі мәслихаттар депутат­тарын кезектен тыс сайлау ереже­лері жаңа тәртіппен бекітілді. Бұдан бөлек, болашақта аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайланады. Ауыл әкімдерінің корпусын халықтың да­уысы арқылы жаңарту өз жалғасын табады. 350-ден астам ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау тікелей сайлау тәсілімен жүзеге асырылып, бір мыңға жуық ауылдық елді мекенді қамтымақ. Бұл талап­тар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етері сөзсіз. Округ әкімінің аппаратында халыққа тиімді қызметтер ұсынудың оңтайлы жолдары қарастырылған. Мәселен, бе­кітілген мемлекеттік қызметтер ті­зіліміне сәйкес 5 қызмет түрі көрсе­тіледі. Елді мекен шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Қызметтерді алу барысын және халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жеңіл­дету мақсатымен “Connection Point” өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі орна­тылды, оның көмегімен әрбір азамат “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы электрондық қызметтерді дербес алады. 2021 жылмен салыс­тырғанда анықтамаларды “электрондық үкімет” порталы арқылы рә­сімдеу 45 бірлікке ұлғайды. Сөйтіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапа­сы біршама жақсарды. 2020 жылдан бастап әкімдік бюджеттің 4-ші деңгейіне көшірілді. Былтыр округті дамытуға 52554 мың теңге бөлініп, кентішілік жолдар жөнделді, көше­лер жарықтандырылды. 2283,1 мың теңге салық жиналды.

Округтегі 283 отбасының 226-сы жеке қосалқы шаруашылықпен айна­лысады. Оларға жемшөп қолжетімді бағамен беріледі. Ақшаға шаққанда, бір пай мөлшері 94 мың 600 теңгені құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Ауыл шаруашылығына пайдаланы­латын жерлердің жалпы аумағы – 30711 гектар. Орташа астық өнім­ділігі 15 центнерден айналды. 2 се­ріктестік, 8 шаруа қожалығы, 7 жеке кәсіпкерлік жұмыс істеді. Олар елді мекендерді абаттандыруға үлкен көңіл бөліп келеді. Әлеуметтік салаға 370 млн. теңге демеушілік көмек көр­сетілді. Ауылға кіреберісте стелла орнатылды, әкімшілік ғимараттың құ­ры­лысы жүргізілуде. 147 түп ағаш кө­шеттері отырғызылды. “Алтын Сары” ЖШС Борки ауылында спорт залын тұрғызып берді, үйлерге орталық жы­лыту және сумен жабдықтау жүйелері тартылды. Сүт сатып алу ісімен “Курделя”, “Белов” ЖК шұғылда­нады.

Президент заң үстемдігін берік орнықтырып, оған бәсекелестік си­пат беру арқылы қоғамның жіті наза­рына алуды тапсырған болатын. “Қа­сыретті қаңтар” оқиғасы бәрімізге үл­кен сабақ болды. Сондықтан кез келген заңсыздыққа тосқауыл қою, ал­дын алу – басты міндеттеріміздің бірі. Мемлекет басшысы “саяси плю­рализмге ашықпыз, экстремизмнен, қарақшылық пен бұзақылықтан қа­шықпыз” деген ортақ тұжырымды жұрт­шылық есіне сала келіп, соңғы кезде адам өлтіру, қарақшылық жа­сау сияқты ауыр қылмыстардың кө­бейіп бара жатқанына алаңдаушы­лық білдірді. Учаскелік полиция инс­пекторлары жүргізген рейдтерге сәй­кес Әкімшілік құқық бұзушылық тура­лы кодекс негізінде елді мекен ау­мақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған жеке тұлғаларға 16 ескерту жа­салып, 12 нұсқама жазылды, 2 айыппұл салынды. Отбасылық зор­лық-зомбылыққа қатысты жайттар елеусіз қалған емес.

Мәдениет үйі мен кітапхананың есігі жастарға әркез ашық. Оқушы­лардың алаңсыз оқуына, өздерін ер­кін сезінулеріне әркез мүдделілік та­нытамыз. Мұндай жұмыс мұқият жүргізіледі, олар ешқашан босаңсы­ған емес. Елімізде синтетикалық есірткі тұтынушылардың көбейіп, ұлт саулығына үлкен қатер төндіруі, ахуалдың күрделене түсуі ешкімді бейжай қалдырмауы тиіс. Аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кеселді ең­серуге мұғалімдер, ардагерлер, қо­ғамдық ұйымдар да бір кісідей жұ­мыла кіріскен. Сабағын үздік оқып, өнегелі тәрбиесімен үлгі көрсетіп жүр­ген балалар аз емес. Шағын орта­лыққа баратын 31 тәрбиеленуші аға-апаларынан үлгі алады. Былтыр ҰБТ қорытындысы бойынша түлектеріміз 7 грант ұтып алды. “Менің кіші Ота­ным” республикалық жас тарихшы­лар зияткерлік байқауында Максим Петренко жеңімпаз атанды. “Зерде” шығармашылық сайысында Алек­сандра Пак, “Сені сүйемін, Қазақ­стан” байқауында Алмаз Ермаған­бетов бірінші орынды иеленді. “Отан отбасынан басталады” демекші, жас буынға жастайынан лайықты тәрбие бере білсек, ертең өкінбейміз. Ұс­таздар қауымы білім алушылардың жеке басының үйлесімді қалыпта­суын естен шығармайды. Ахмет Бай­тұрсынұлының, Мұхтар Әуезовтің, Дінмұхамед Қонаевтың, Роза Бағла­нованың мерейтойлары, Мемлекет­тік рәміздер күні мазмұндылығымен есте қалды.

Президент Жолдауында қара­па­йым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылардың оқуларын тастап кетіп жатқаны, олардың білім алуды қажет деп таппайтыны айтылды. Мемлекет тарапынан ұстаздар мен балғын­дар­ды қолдау саясаты жалғасып, қабыл­данған шаралар жемісін беріп жатса, бұл салаға салынған инвестицияның ақталғаны деп білеміз. Бұл орайда балаларды ерте жастан өнерге, спортқа бейімдеп, нақты мамандыққа баулудың маңызы зор. Мектептерде спорт үйірмелері жұмыс істейді. “Адал ұрпақ” клубы, “Ромашка” ән­шілер тобы, “Хуторок” балалар ан­самблі құрылған. Стадион, хоккей корты бар.

Тұрғындарға бір фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетеді. 100 адам диспансерлік есепте тұр, олар қажетті препараттармен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Өткен жыл бәріміз үшін айрық­ша, тарихи жыл болды. Бүкілхалық­тық референдум, кезектен тыс Пре­зидент сайлауы Қазақстан дамуы­ның түбегейлі бетбұрысына айқара жол ашты. Бүгінде Конституцияға сәйкес билік тармақтарының түгел жаңартылып жатқанының куәсіміз. Мемлекет басшысы айтып өткендей, жергілікті әкімдерді сайлау саяси мо­дернизацияның жаңа кезеңіне айналып, электораттың билікке деген көзқарасының өзгеретіні күмәнсіз.

Ольга СЕМЕНЮК,

Полтавка ауылдық округінің әкімі.

Аққайың ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp