«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ашық біріншілік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда ұлттық спорт түрі – жекпе-жектен ашық біріншілік өтті. Жарысқа облыс орталығы мен аудандардан 60-қа тарта үміткер қатысты.

Алдымен ортаға жарыстың ең жас әрі ең жеңіл салмақ дәрежесін­дегі спортшылары Әділет Кәрімжан мен Кирилл Бузмаков шықты. Же­ребе алғашқы кездесуде бір залда жаттығатын қос спортшыны жұптас­тырды. Жалынды жастар бір-бірінің қарым-қабілеттерін жақсы бі­леді екен. Осал тұстары мен оң жамбасына келетін қырларымен де жақсы таныс. Бұл тартысты кезде­судің тағдыры 2-ші кезеңде шешілді. Әділет Кәрімжан қарсыласын қылқындыру әдісімен тізе бүктірді.

– Жекпе-жекпен айналысып жүргеніме 1 жыл болды. Оған дейін бокспен айналысқанмын. Жекпе-жектен өз бағымды екінші рет сынап көрдім, – дейді Әділет Кәрімжан.

Жарыста Есіл ауданының спорт­шылары да жақсы өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Асанәлі Жұматайдың жекпе-жекке бет бұрғанына 1 айдан астам уақыт болып­ты. Соған қарамастан жас жігіт бірінші кездесуде өз қарсыласын ай­қын басымдықпен ұтты.

Бұл жарыста бақтарын сынаған жастардың деңгейі жоғары. Осы до­дада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, оза шапқандар облыс құ­рамасы сапына алынады.

– Аталған сайыс ел чемпио­на­тына іріктеу болып табылады. Ақ­панның 15-19-ы аралығында ере­сектер арасында жекпе-жектен ел біріншілігі өтеді. Одан кейін Атырау қаласында 2003-2004, 2005-2006 жылдары туған балалар арасында ел чемпионаты ұйымдастырылады. Сол жарыстарға осы ашық бірін­ші­ліктен мықтыларды іріктеп алмақ­­шымыз, – дейді жекпе-жектен облыстық федерацияның прези­денті Жалғас Тортулов.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp