«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүк көлігі жанып кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпан күні “101” нөміріне Тайынша ауданындағы Келлеровка елді мекенінің маңында IVECO жүк көлігінен өрт шыққандығы жөнінде хабар түскен.

Мамандар оқиға орнына 14 ми­нут ішінде жетті. Олар келген кезде көліктің қозғалтқыш бөлігінен шық­қан жалын тіркемесіне ауысып, бар­лық бөлігіне жайылып үлгерген екен. Машина толық жанып кетті.

Облыстық полиция департамен­ті баспасөз қызметі өрт кезінде еш­кімнің зардап шекпегенін растады.

“Жүк көлігі Петропавлдан шы­ғып, Тайыншаға бара жатқан. Қорабы бос болған. “Петропавл – Астана” авто­жо­­лының 382 шақырымында фура жана бастаған. Алдын ала болжам бойынша, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Рөл­де отырған ер адам аман, зардап шеккен жоқ. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сол жерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті”, – деді баспасөз қызметінің өкіл­дері.

Өңір құтқарушылары соңғы кез­де автокөлікте болатын өрттердің кө­бейгенін айтады. Мәселен, былтыр осындай 5 өрт тіркелсе, биыл жыл басталғалы 10 автокөлік зақымданған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp