«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 9, 2023

МЕНІҢ ӘЖЕМ – ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ

“Қарты бар үйдің – қазынасы бар” деген рас. Менің әжем отбасымыздың ғана емес, әулетіміздің ұйытқысы. Ақыл-парасатымен ауылдастары арасында “Әйшә апай” атанған ардақтымды мақтан етемін. Әжем Нұрғайша Халыққызы Ресейдің Омбы өңірінде дүниеге келген. Атамыз Асқар Шайдин екеуі 1961 жылы отбасын құрып, жарты ғасыр бірге тату-тәтті өмір сүрді. Ата-әжеміз сегіз бала өсіріп, ұлда­рын – ұяға, қыздарын қияға …

МЕНІҢ ӘЖЕМ – ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ Read More »

Жүрегі алтын

Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин: “Ұстазды алтын діңгекке балар едім” – депті. Сахна саңлағы Серке Қожамқұловтың: “Ұстаз деген ұлағатты естігенде күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін”, – деген қанатты сөзі жүрегімізді елжіретеді. Қандай мамандық иесі болмасын олардың барлығының мұғалімнің ал­дын көргені әмбеге аян. Біз де ұс­таз­дарымыздың ұлағатты тәрбиесі­нен нәр алып, үлкен өмірге қадам бастық. …

Жүрегі алтын Read More »

Тұңғыш баланың ата-әже тәрбиесінде болғаны дұрыс па?

Халқымызда тұңғыш сәбиді ата­сы мен әжесінің тәрбиесіне беру дәс­түрі бұрыннан бар. Шал мен кемпір­дің бауырында мейірімге қанып өс­кен баланың өмір жолында аяғын шалыс басқан кезі некен-саяқ. Тари­хымыздан ойып тұрып орын алатын Айғаным, Зере сынды асыл аналар қазаққа Шоқан мен Абайдай асыл тұлғаларды сыйламады ма? Алай­да кейбір өмірлік мысалдар дәстүр­дің бала психологиясына кері әсері де болуы …

Тұңғыш баланың ата-әже тәрбиесінде болғаны дұрыс па? Read More »

ҚАЗАҚТЫ ШЕКСІЗ СҮЙГЕН

Жұртшылық “Гераға” деп атап кет­кен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер, публицист, әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудар­машы Герольд Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысы, Эн­гельс қаласында туғанмен, өзі шы­ғар­­маларында жазғандай балалық, жастық шағы Шал ақын ауданының бұрынғы Ленин, қазіргі Ысқақ Ыбы­раев ауылында қазақ балаларымен бірге құлын-тайдай тебісіп, жарты құртты бөлісіп жеп өсті. 1941 жылы Сталиннің …

ҚАЗАҚТЫ ШЕКСІЗ СҮЙГЕН Read More »

Ұлтымыздың нағыз жанашыры

Көзі тірісінде “Қазақтың қуанышы – менің қуанышым”, “Қазақтың тілі ме­нің тілім” деп өткен қабырғалы қа­лам­гер, көрнекті аудармашы, эссе­ші, көркемсөзші, бір сөзбен айтқан­да, “сегіз қырлы бір сырлы” тұлға Ге­рольд Бельгер ақтық демі қалғанша төл әдебиетімізге, мәдениетіміз бен дәстүрімізге деген адалдығынан ай­ны­ған жоқ. “Ұлтым неміс болса да, қа­зақтың жанын бір кісідей түсінемін”, – деген жазушыны қазақ халқы …

Ұлтымыздың нағыз жанашыры Read More »

Артында өшпес із қалды

Өмірде сауабы мол істің бірі – жол салу. Аталмыш сала мыңдаған маманның маңдай терін ағыза істеген еңбегінің арқасында дамып келе жатқанын күнделікті көріп отырмыз. Әсіресе “темір тұлпар” тізгіндейтіндер тақтайдай тегіс асфальтқа кез болса, осы салада күннің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген жол жөндеушілерді бір сәт еске алатыны шындық. Кезінде көптің алғысын арқалаған азаматтардың қатарында Мейрам …

Артында өшпес із қалды Read More »