«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫ ЖҮЗ “УРАЛ” ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте сүт, тамақ өнімдері, компьютерлік техника мен тұрмыстық-химия заттары көрермен назарына ұсынылған шағын көрме өтті. Өнімдердің барлығы біздің өңірде жасалған немесе құрастырылған. Мәселен, көпшіліктің назары бірден “Урал” мотокцикліне ауды. Екі ел арасындағы іскерлік байланыс арқасында жарты жылдың ішінде біздің облыста 600-ден астам мотоцикл құрастырылған. Биыл бұл санды 900-ге жеткізбек. Осы істі дөңгелетіп отырған “IMZ Kazakhstan” ЖШС-ның директоры Георгий Курмачев кәсіпорында 20-дан астам адам еңбек ететінін айта келіп, сұраныс артса, жұмысшылар санын көбейту мәселесі көзделетіндігін де жекізді.

Көрмеден кейін жиналғандар кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жыл қорытындысына арналған алқа отырысына қатысты. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев ашты. Алдымен басқарма басшысы Дархан Әміриннің жылдық есебі мен алдағы жоспары тыңдалды. Оның айтуынша, былтыр облыс кәсіпорындары “Самұрық-Қазынаның” құрамына кіретін ұлттық компаниялармен 800 млрд. теңгеге келісімшарт жасасқан.

– 2022 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің өсу қарқыны жөнінен облыс республика бойынша 7-ші орында. Жаңа жобаларды іске асыру және қолданыстағы кәсіпорындарды жаңартудың арқасында біз бұл саланың даму бағытын сақтадық. Осылайша 2022 жылы өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға дейін артты. Өңдеу өнеркәсібінде көлем 9,8 пайызға ұлғайды, – деді ол.

Өткен жылы өңір кәсіпорындары сыртқа 423 млн. АҚШ долларының тауарын шығарған. Оның 166 млн. теңгесі – шикізаттық емес заттар экспорты. 300 млрд. теңгеден асатын инвестиция тартылған. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев инвестиция көлемін арттыру қажеттігін алға тартты. Ал облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Байтеміров білім, медицина, транспорт және логистика салалары бойынша қолға алынған жаңашылдықтарға тоқталды. Былтыр қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында 28 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған. Нәтижесінде 37 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Алтынай ҚАЗИҚАН,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp