«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биатлонда бағы жанған Бекентай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтар айында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өт­кен Универсиадада қазақ­стандық студенттер үш алтын, төрт кү­міс және төрт қола медаль еншілегені белгілі. Осы­лай­ша әлемнің 50 елінен келген студент­тер арасында жалпыкомандалық есепте 11-шы орынға тұрақтады. Қоржындағы үш ал­тынның екеуі – жас биатлоншыларымыздың еншісінде. Соның ішінде 10 шақырымдық спринтте солтүстікқазақстандық Бе­кен­тай Тұрлыбеков жеңіске жетіп, көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелетті. Алдағы жарыстарға дайындалу үшін Шучинск қаласында жаттығып жүрген жерлесімізге телефон арқылы хабарласып, шағын сұхбат алған едік.

– Сіз жеңіске жеткен кезде көп­шілік Солүстік Қазақстан облысы­ның тумасы екеніңізді білген жоқ. Соған қарағанда туған жерден жырақта жаттығатын сияқтысыз. Оқырмандарымызға өзіңіз жайлы қысқаша айтып берсеңіз.

– Мен Солтүстік Қазақстан об­­­лысының Айыртау ауданына қарас­ты Иман­тау ауылының тумасымын. Теріскейде алты ай бойы қар жата­ды, сондықтан мұнда туып-өскен ба­лалардың арасында шаңғы тебе білмейтіндер сирек. Мен де бастапқы­да шаң­ғышы болуды армандадым, кейін ата-анам­мен ақылдаса келе таңдауым биатлонға түсті. Жалпы бес жасымнан бастап спорт­пен ай­налысамын. Бү­гінде ұлттық құра­ма­ның бас бапкері қыз­метін ат­қарып жүрген Александр Мухин мен ал­ғаш­қы бапкерім Сәуле Мухина екеуі мені бұл қысқы спортқа баулып, білмегенімді үйретті.

9-шы сыныпқа дейін Айыртау ау­данының атынан Солтүстік Қазақ­стан облысының аумағында өтетін жарыстарға қатысып жүрдім. Мек­теп оқушысы болған кезде кейбір жаттығуларды Борки кентінде өткі­зетінбіз. Ал бұл жолғы Универсиа­даға Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы универси­теттің магистранты ретінде сол оқу орнының атынан қатыстым. Қазір ұлттық құрама сапындамын, жаттығулардың көбі Ақмола облысы Сан­дықтау ауданына қарасты Балкаши­но да және Шучинскіде өтеді.

– Биатлон спорты несімен бау­рап алды?

– Бұл – кімнің жеңіске жететінін болжап білуге бол­майтын спорт, топ басында келе жатып нысанадан бір рет мүлт кетсең, соңында қалып қоюың мүмкін. Демек, спорт­шы шаң­ғы тебуден бөлек, құралайды көзге атқан мер­ген болуы шарт. Жа­рыс бойы салқынқандылықты сақтау қа­жет. Ату алаңына келгенде жүрегің­нің соғу жиілігі минутына 160-170-ті көрсетіп тұр­­са да, қолың дірілде­меуі, тынысың бірқалыпты болуы тиіс. Сон­дық­тан көш бастаушылар ату алаңынан кейін ауысып отырады. Бұл спортшы үшін де, жанкүйерлерге де қызық.

– Универсиададан кейінгі бір сұхба­тың­ызда бұл күт­пеген жүлде депсіз. Неге?

– Бұл – менің халықаралық жарыс­­тар­да­ғы алғашқы медалім. Бұ­ған дейін Қазақстан чемпионатында биат­лон­нан бірнеше сайыста жеңімпаз жә­не жүлдегер атанған болатынмын. Шы­нымды айтсам, Уни­версиадада жеңімпаз атан­ған кезде өз-өзіме қатты таңғалдым. Әлбетте, қуа­нышымда шек болмады. Жүлдеге ілінермін деп үміттендім, бірақ бәрін басып озып, чемпион ата­намын деп ойламадым. Жарыс бойы жоғары қарқынды ұстап тұруға бапкерлерім мен команда менеджерлерінің көмегі көп тиді. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жо­лы нысана көз­деуде мүлт кеткен жоқпын. Барлық оқтарым нысанаға дәл тиді.

Сайыс кезінде толассыз қар жауған­дық­тан, шаңғымен сырғанауда аздаған қолайсыздықтар болды, бірақ мергендігімнің арқасында бірін­ші орынды соңына дейін сақтап қалдым. Универсиадада бізді қолдау­шылар көп болды. АҚШ-тағы Қа­зақстан Республикасының елшісімен кез­десу ұйым­дастырылды. Елшілік қызметкер­лері­нің қолдауы ерекше серпін бергені айт­паса да түсінікті. Сондай-ақ универсиада кезінде біздің шаң­ғы­шы­лармен, басқа да спортшылармен кездесіп, бір-бірі­­мізді қолдап жүрдік.

– Жалпы жеңіске жетудің құ­пиясы неде?

– Негізінен спортшының жетіс­тік­ке же­туіне көп фактор әсер етеді. Ең әуелі, спортшының бағын аша білетін бапкер, сосын ко­манда ішінде­гі ахуал да маңызды. Дегенмен, көп нәрсе спорт­шы­ның өзіне байланыс­ты. Спорт­та сенің басты қарсыла­сың – өзің. Шаңғыны жақсы тепкенің­мен, ату сайы­сында нысанаға оқты дәл тигізе алмасаң, төккен терің зая кетеді. Біз әр жарыс сайын өт­кен жа­рыстағыдан да жақсы нәти­же көрсе­туге тырысамыз. Сондықтан жетістіктің басты құпиясы бір орын­да тұрып қалмай, үнемі алға қа­рай ұмтылу деп білемін.

– Вадим Куралес екеуіңіздің же­ңістерің – біздің елде биатлон спорты дамып келе жатқанын білдіретіндей. Қалай ойлайсыз?

– Қазақстанда биатлон спорт­ы­ның болашағы зор деп айта ала­мын. Бұл спортта сен тұр, мен атайын дей­тін жастар өсіп келе жат­қаны қуан­тады. Байқасаңыз, біздің елде де әлемдік деңгейдегі ірі жа­рыс­тар өткі­зілетін болды. Мысалы, биыл нау­рыз айында Щучинскіде жас­тар мен жасөспірімдер арасында әлем чем­пионаты өтеді. Мұның өзі отан­дық спортшыларды жігер­лен­дір­мей қой­майтыны анық. Бірнеше жыл бұрын ұлттық командада түбе­гей­лі өзгеріс болды, құрама қатары жас спортшылар және білікті бапкерлермен то­лықты. Біздің бап­керлердің біліктілігі жоғары, олар жаттығуларға үне­мі жа­ңалықтар ен­гізіп жүреді. Бұл ұзақ­мерзімді үрдіс еке­ні анық. Дәл қазір жемісін бермеуі мүмкін, соның өзінде қазір түрлі жарыстарда бірте-бір­те көңіл қуантарлық нәтижелер тірке­ліп жатыр. Әсіресе жасөс­пі­рім спортшылар көзге түсіп жүр. Мен қа­зір ақырындап ересек­тер арасындағы жарыстарға да қатысып жүрмін.

– Олимпиада жүлдесі – әрбір спортшының арманы. Үш жыл­­­­дан соң Ита­лияда өтетін қыс­­­­қы Олимпиада ойындарына ірік­­теуге қатысып, төртжылдықтың басты до­дасына бару жоспары бар ма?

– Әлбетте, құрамадағы барлық спортшы 2026 жылы Италияда өте­тін қыс­қы Олимпиада ойындарына ірік­теу жарыстарына қатысуды көз­деп отыр. Олимпиадаға дейін IBU кубогы мен әлем кубоктарында жеңіс тұ­ғырына көтерілгім келеді. Дәл қа­зір біз құрамамен бірге Шучинскіде өтетін жастар мен жасөспірімдер ара­сындағы әлем чемпионатына дайындық үстіндеміз. Осымен мау­сым аяқтала­ды. Жаз бойы роллермен жат­ты­ға­мыз. Қысқы спорт түрімен айна­лыссақ та, жазда жат­тығу бір толаста­майды. Қазір мен магист­ратурада оқимын. Сондықтан оқуға да көңіл бөліп, диссертациямды жазуым керек.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp