2020 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Александр Смирновты іздеу оң нәтиже берді. Ақпан айында оның Ақмола облысының Біржан сал ауданында тұратыны белгілі болды. Ер адамның ұзақ уақыт бойы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істегені, оған қатысты ешқандай күш қолданбағаны анықталды. Ол өз еркімен туыстарымен байланысқа шықпаған. Сонымен қатар ол өзін осыншама көп адам іздеп жүргенін білмеген.
Жақын күндері Александр Смирнов Петропавл қаласына барып, отбасымен кездесуді жоспарлап отыр.
Әсет ҚАНАФИН.