«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі айға қамалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы №4 орта мектепте балтамен қаруланған оқушы үш жасөсіпірімді жарақаттағаны туралы газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Зардап шеккендердің екеуіне ота жасалып, біреуі жарақаты жеңіл болған соң үйіне жіберілген. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров ауруханаға арнайы барып, оқушылардың хал-жағдайын сұрады.

Облыстық денсаулық сақтау бас­­қар­масының баспасөз қызметі мә­лімдегендей, жарақат алған екі оқу­шы жансақтау бөлімінен травмото­логия бөлімшесіне ауысты­рылды.

– Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қалыпты. Жүйке жүйесіне зақым келген жоқ. Ем-дом хаттама­ға сәйкес жүргізіліп жатыр. Бала­лар травматолог, невропатолог және ней­рохирургтың бақылауын­да, – дей­ді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Сәлімхан Сәбитов.

Оқыс оқиғаға байланысты ар­найы жұмыс тобы құрылған бола­тын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 9-шы сынып оқушысы­ның мұндай іс-әрекетке бару себебін анықтаумен айналысып жа­тыр, ал тағы бір топ облыстағы мек­тептердің қауіпсіздік құралдары­мен қаншалықты қамтылғанын тексер­мек. Өңірде 465 мектеп бар, оның дені бейнебақылау қондыр­ғылар­мен қамтылған. Өкініштісі, орта білім беру орындарында тур­никеттер жоқ.

– №4 орта білім ордасында күндіз вахтер кезекшілік етсе, түнгі уа­қытта күзетші келеді. Бұл мек­теп­те да­был түймесі бар. Оқыс оқи­ға орын алғанда дереу полиция ша­қыртыл­ды. “Жедел жәрдем” де уа­қытында келді. 3 минут ішін­де күзет агенттігінің кезекші тобы жеткенін айта кеткен жөн, – деді облыстық білім басқармасы­ның басшысы Нәзір Жәшібеков.

Мектептегі оқыс оқиға бойын­ша құқық қорғау органдары қыл­мыстық іс қозғады. Тергеп-тексеру жұмыста­ры аяқталғанша, сот жас­өспірімді 2 айға қамауда ұстамақ.

– Ақпанның 15-сі Петропавл қа­ласының мамандандырылған тер­геу соты кәмелетке толмаған “Д”-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді. Қылмыстық-процессуалдық ко­декстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексе­рудің басқа дерек­тері жария етуге жатпайды, – де­лінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp