Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста өңір намысын қорғаған Жанәлі Тұяқов жеңіс тұғырынан көрінді.
Солтүстікқазақстандық спортшы 109 килограмнан жоғары салмақта өнер көрсететін атлеттермен сайысқа түсті. Бұл санатта 6 спортшы ғана бақ сынады. Жерлесіміз намысты қолдан бермей, алтыннан алқа тағынды.
– Жұлқа көтеруде 145, серпе көтеру жаттығуында 183 килограмдық зілтемірді еңсердім. Жалпы жиынтығы 328 ұпай жинадым. Бұған дейінгі рекордым – 236 килограмм еді. Сенім артып, жарысқа қосқан бапкеріме алғысым шексіз, – дейді Жанәлі Тұяқов.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.