«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Киберқылмысқа қарсы топ құрылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар санының тіркелуі 27,6 пайызға төмендеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде қаңтар айының қорытындысы бойынша өткен жедел кеңесте айтылды. Кеңес барысында тергеу және жедел жұмыс, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру және әлеуметтік-құқықтық дайындығы қаралды.

Облыстық полиция департамен­тінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жиналғандар назарын кейбір түйінді мәселелерге аударды. Интернет-алаяқтық факті­ле­рінің өсуі, синтетикалық есірткі­лердің көп таралуы да маңызды проблемалардың қатарында. Кри­миналдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев киберқылмыстар­ға қарсы іс-қимыл бағдарламасы ая­сында Петропавл қалалық полиция басқармасында желілік қылмыстар­ды тергеу және ашу жөніндегі “Ки­берпол” мамандандырылған жедел-тергеу тобы құрылғанын атап өтті. Қалалық басқарма басшылығына аталған топқа қолдау көрсетіп, осы жобаны нәтижелі іске асыру тап­сырылды.

Есірткі қылмысымен күрес те күн тәртібінен түскен емес. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқар­масының бастығы, полиция подпол­ковнигі Иван Терзиди еліміздің бас­қа өңірлерімен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы айт­ты. Осы жылдың алғашқы айында облыс полицейлері есірткі сатқан веб-ресурстарды бұғаттау үшін Индустрия және инфрқұрылымдық даму министрлігіне 31 сілтеме жіберген. Жастар арасында 42 про­филактикалық іс-шара өткізіліп, оларға 3 мыңнан астам жоғары сы­нып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студент­тері қатысқан.

Нашақорлықтың алдын алу жұ­мыстарының маңыздылығын поли­ция департаментінің бастығы Ай­дын Қабдұлдинов та атап кетті. Ол проблемалық мәселелерді облыс әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия деңгейінде шешу үшін мүдделі органдармен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды. Же­дел кеңес соңында жеке құрамға жұмыстың тиімділігін арттыруға және жалпы тәртібін нығайтуға ба­ғытталған нақты тапсырмалар бе­рілді.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp